376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубайдағы зәулім үйлердің бірінен өрт шықты

  • 670

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы «Шырақ» деп аталатын ең биік ғимараттың бірі өртенді.

Бірақ азаматтық қорғаныс қызметі отқа оранған зәулім үйдегі адамдардың барлығын көшіріп, тілсіз жауды дер уақытында сөндірді. Ешбір тұрғын зардап шекпеген. Лаулаған отпен күресу үшін 5 өрт сөндіру станциясы жұмылдырылған. Ал полицияның мәлімдеуінше, жалынтұрғын үйдің 9-қабатында шығып, одан кейін жоғары қарай тараған. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, биіктігі 330 метрден асатын бұл тұрғын үй 2015 жылы да өртеніп, содан бері жүргізілген жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Ол кезде 7 адам газға уланып қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы