384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия ЕURО 2024 финалын өткізуге үміткер қалаларды атады

  • 447
  • UPD: 21:37, 21.10.2017
Түркия ЕURО 2024 финалын өткізуге үміткер қалаларды атады Фото: Projemlak

Түркияда EURO 2024 финалын өткізуге үміткер қалалар аталды.

Бұл туралы «Анадолу» агенттігі хабарлады.

Түркияның Футбол федерациясы 2024 жылы Еуропа чемпионатының ақтық матчтарын өткізуге үміткер қалалар мен стадиондарды атады. Тиісті тізім TFF-тің атқарушы комитетінің 17 қыркүйек күні өткен отырысы барысында бекітілді.

- Ыстамбұл (Ататүрк Олимпиадалық стадионы және Түрк Телеком Арена);

- Бурса (Бурса муниципалитетінің стадионы);

- Анталья (Анталья стадионы);

- Эскишехир (Эскишехир жаңа стадионы);

- Газиантеп (Газиантеп стадионы);

- Кайсери (Кадир Хас стадионы);

- Трабзон (Медикал Парк);

- Коджаэли (Коджаэли жаңа стадионы);

- Анкара (Анкараның жаңа стадионы).

Аталған тізім UEFA-ға 2018 жылдың 27 сәуірінде тапсырылатын болады. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы өтетін орын 2018 жылдың қыркүйек айында анықталады.

Хабар 24 телеарнасы