383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхиты жағалауынан жүздеген тасбақаның өлексесі табылды

  • 747
  • UPD: 09:35, 08.11.2017

Эль-Сальвадор Республикасы жағалауынан жүздеген тасбақаның өлексесі табылды.

Қазір жергілікті билік табиғатта сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың жаппай қырылуының себебін анықтап жатыр. Олардың денелері Тынық Мұхиты жағалауына қалқып шыққан. Бұл аумақ ел астанасы Сан-Сальвадор қаласынан 100 шақырымдай жерде.

Сарапшылар тасбақалардың өліміне не себеп болғанын бірден анықтай алған жоқ. Енді өлекселер мен тірі тасбақалар, сондай-ақ осы маңдағы судың құрамы арнайы зертханаларда тексерілмек. Айта кетейік, тасбақалардың жаппай қырылуы соңғы рет 2013 жылы тіркелген. Ол кезде мамандар бауырымен жорғалаушылардың өліміне улы балдырлар себеп болды деген еді.

Хабар 24 телеарнасы