383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэланың астанасы жарықсыз қалды

  • 1311
  • UPD: 23:41, 19.12.2017

Венесуэла астанасы Каракас пен екі бірдей штат жарықсыз қалды. Тіпті метро мен әуежайлар да уақытша жабық тұр.

Кейбір мәлімет бойынша өңірдегі қосалқы стансалардың бірінде кабель зақымданған. Ал жергілікті билік электр энергиясы алдағы сағаттарда қайта берілетіні туралы уәде етіп отыр.    

Энди Мальдонадо, дүкен қызметкері: 

- Бастан кешіріп жатқан қиындықтарымыз аздай енді міне жарық та сөніп қалды. Қазір халықтың жағдайы мәз емес. Азық-түлік тапшылығы дегендей. Тауарлардың бағасы өте қымбат. Не дейін? Жаңа жылды осындай жағдайда қарсы алғалы жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы