385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Харбин қаласында алып мұз қалашығы ашылды

  • 477
  • UPD: 17:41, 07.01.2018

Қытайдың Харбин қаласында алып мұз қалашығы ашылып, талайды таңғалдырар тамаша фестиваль басталды.

Бұл жерден әлемге әйгілі нысандардың мұздан жасалған үлгісін көруге болады. Олардың арасында Бейжіңдегі «Аспан ғибадатханасы» мен Мәскеудегі «Қызыл алаң» да бар. Аумағы 80 гектар жерді алып жатқан, көздің жауын алатын таңғажайып қалашықты тамашалауға әлемнің әр түпкірінен саяхатшылар ағылып келіп жатыр. Жалпы қар мен мұз халықаралық фестивалі 1983 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Хань Чжэнькунь, мүсіндеу академиясының директоры:

– Харбиндегі мұз қалашығының басты ерекшелігі – аумағының үлкендігінде. Жапония елі де осыған ұқсас Саппоро фестивалін өткізеді. Канаданың Квебегінде де бар. Алайда біздегі қалашық ең үлкені.

Хоу Яшан, саяхатшы: 

Мұз қалашығына алғаш рет келіп тұрмын. Күн тым суық екен. Алайда сәулет өнері көздің жауын алып тұр. Ірі мұз кесектерін ойып, осындай әдемі мүсін жасау ерен еңбек пен хас шеберлікті қажет ететініне көз жеткіздім.

Хабар 24 телеарнасы