386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс автоконцерндеріне қатысты жанжал шықты

  • 452
Неміс автоконцерндеріне қатысты жанжал шықты

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Volkswagen, Daimler және BMW адамдар мен маймылдарға тәжірибе жасаған.

Атап айтқанда, оларды бірнеше сағат бойы көліктен бөлінетін улы газбен тыныстатқан. Сөйтіп азот диоксидінің тірі ағзаға әсерін зерттеген. Германия билігі 3 автоконцерннен осы мәселеге қатысты толық ақпарат беруді талап етті.

Ал Daimler және BMW өкілдері маймылдарға тәжірибе жасамағандарын айтады. Ал Volkswagen мамандары болса қателігін мойындап, кешірім сұрады.

Хабар 24 телеарнасы