386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гута аймағына екінші рет гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 466
  • UPD: 05:46, 10.03.2018
Шығыс Гута аймағына екінші рет гуманитарлық көмек жеткізілді

Сирияның Шығыс Гута аймағына 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмектің екінші бөлігі жеткізілді.

Онда қоршауда қалған халыққа қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек бар. Қазір үлестіру жұмыстары басталды. Сондай-ақ осы шара барысында тұрғындардың қақтығыс аймағынан шығуына да жағдай жасалған.

Еске сала кетейік, алғашқы көмек керуені 5 наурызда жеткізілген еді. Ол кезде Дума қаласына 247 тонна гуманитарлық қажеттілік таратылды. Сонымен қатар содырлардан 13 бейбіт тұрғын азат етілді. Олардың бесеуі бала.

Айта кетейік, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері Шығыс Гутада ушыққан қақтығыс кесірінен мыңнан астам адам мерт болды.

Хабар 24 телеарнасы