389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутадағы екі қарулы топ өңірді тастап кетуге келісті

  • 460
  • UPD: 09:37, 19.03.2018
Шығыс Гутадағы екі қарулы топ өңірді тастап кетуге келісті

Сирияның Шығыс Гута аймағына бекініп, үкімет әскерімен шайқасып жатқан қарулы топтардың екеуі өңірді тастап кетуге келісті.

Бұл туралы ливандық «әл-Маядин» телеарнасы хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, «Фейлак ар-Рахман» мен «Ахрар аш-Шам» деп аталатын топтар Шығыс Гутадан шығып, елдің солтүстік-батысындағы Идлиб аймағына баруға уәде берген. Олардың бірі Дамасктің түбіндегі бірнеше мекенді бақылауында ұстап отыр. Екіншісі Хараста қаласында шоғырланған. Ал соңғы мәліметке қарағанда, үкімет әскері оппозициялық күштерден Шығыс Гутаның 80 пайыз аумағын азат еткен. Әскерилер қарулы топтарға қарсы іс-қимылдарды гуманитарлық үзілістен кейін жүргізуде.

Айта кетейік, ақпан айының 27-сінен бастап қолға алынған шараның нәтижесінде аймақты 48 мыңнан астам бейбіт тұрғын тастап шыға алды.

Хабар 24 телеарнасы