384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда теміржолшылар жаппай ереуілге шықты

  • 621
  • UPD: 08:48, 03.04.2018
Францияда теміржолшылар жаппай ереуілге шықты Експерт

Францияда теміржолшылар президент Эммануэль Макронның мемлекеттік теміржол компанияларын жекешелендіруге қарсы жаппай ереуіл жариялады.

Наразылық акциясына осы салада жұмыс істеп жатқан барлық қызметкерлердің тең жартысы қатыспақшы. Оның арасында 80 пайыз пойыз жүргізушілері бар. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, үкіметтің мұндай әрекетінен онсыз да шығынды сала бәсекелестікке қауқарсыз болып қалады. Билік болса жекешелендірумен бірге жұмысшылардың жеңілдіктері мен зейнетақы көлемін қысқартуды көздеп отыр. Ал 2 күнге жарияланған наразылық акциясына байланысты 90 пайыз жүрдек пойыздар мен қала шетіне қатынайтын темір тұлпарлардың үштен екісі сапарға шықпайды. Жалпы шараны ұйымдастырушылар ереуілді 3 ай бойы жүргізбекші.

Хабар 24 телеарнасы