387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

  • 307
  • UPD: 23:00, 12.05.2018
Түркияда ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-шығысындағы Ардахан провинциясында автобустың қатысуымен ірі жол апаты болып, салдарынан кем дегенде 4 адам қаза тапты.

Тағы 22 адам жарақат алған. Бұл туралы Sabah газеті хабарлады. Оқиға Чылдыр және Акташ қалаларының арасында сенбі күні таңда болған. Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Апаттан жүргізушінің өзі мен тағы 3 жолаушы көз жұмды. ауруханаға жеткізілген 22 жолаушының бесеуінің жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.

Айта кетейік, қоғамдық көлік демалыс күндері туристік сапар жасаған мұғалімдер мен олардың отбасыларын тасымалдаған.

Хабар 24 телеарнасы