376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар Марстың неге қызыл ғаламшар атануының себебін анықтады

  • 1272
  • UPD: 08:33, 27.05.2018
Ғалымдар Марстың неге қызыл ғаламшар атануының себебін анықтады

Бір қарағанда, Ұлыбританияның Юра жағалауының Марсқа еш қатысы жоқ көрінеді.

Алайда Империялық колледж ғалымдары осы жерден қызықты дерекке қол жеткізді. Ұлыбританияның Дорсет графствосы аймағында құрамында күкірт қышқылы бар бұлақ табылды. Ал күкірт ішінде экстремалды жағдайда жедел көбейетін микробтар бар. Мамандардың айтуынша,дәл осындай бұлақтар миллиардтаған жыл бұрын Марс планетасында болған. Бұл жаңалық Марстағы өмірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын және алысқа сапар шекпей-ақ, зертханалық жұмысты Жерде жасай беруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ғалымдардың назары бұлақтың құрамында кездесетін гётит минералына түсті. Себебі гётиттің гематитке айналатын ерекшелігі бар. Осы минералдың арқасында Марс қызыл түске боялып, басқа планеталардан ерекшеленіп тұр.

Марк Сефтон, ғалым

Марсқа барып зерттеу жүргізу үшін қыруар қаражат керек. Қазір Жерде табылған деректерді терең зерттеп, талдау жасап жатырмыз. Қазіргі атқарылған жұмыстардың 100 пайызға дұрыс болуыалдағы ғылыми зерттеулердің сапалы шығуына кепіл.

Хабар 24 телеарнасы