387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж полициясы наразылық білдірді

  • 478
  • UPD: 14:24, 30.05.2018
Париж полициясы наразылық білдірді

Парижде полиция қызметкерлері билікке өкпе айтты.

Жүздеген тәртіп сақшысы жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, полиция учаскесінің алдында шеру ұйымдастырды. Олар өздерінің демалыс күндері үстеме ақысыз жұмыс жасайтынына наразы. Бірнеше қызметкер жатын киімдерін киіп, көрпешелерін жайып, өздерінің күндіз де, түнде де жұмыста екендерін бейнеледі. Шараны ұйымдастырушы кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, лаңкестікке байланысты жұмыстағы үзіліссіз ауысымдар полицейлердің қызметіне кері әсерін тигізуде. Сондықтан ел басшылығынан мәселеге назар аударып, оны шешуді талап етіп отыр.

Рокко Контенто, полицейлер кәсіподағының өкілі:

- Біздің әріптестеріміз лаңкестікке байланысты үнемі жаңа тапсырмалар алады. Оларды демалыс күндері де шақырып, жүз сағаттап артық жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан ішкі істер министрінен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған реформа жүргізуді сұраймыз.  

Хабар 24 телеарнасы