389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың курортты аймағында дауылдан ағаштар құлады

  • 515
  • UPD: 19:15, 18.07.2018
Қытайдың курортты аймағында дауылдан ағаштар құлады

Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Хайнань провинциясында қатты дауыл тұрып, соңы толассыз жауынға ұласты. 

Бұл – осы аймақта жыл басынан бергі 9-тайфун. Мамандар табиғаттың бұл құбылысына «Шаньшэнь» тропикалық дауылы деген атау берген. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, елді мекендерде ағаштар құлап, көліктер жүре алмай қалды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында барлық туристік нысандар жабылды. Синоптиктердің хабарлауынша, дауыл жақын күіндері сағатына 30 шақырым жылдамдықпен аралдың барлық бөлігін басып өтіп, Вьетнамның солтүстік өңірлеріне жетеді.

Хабар 24 телеарнасы