360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурде хакерлер емхананың желісіндегі деректерді ұрлады

  • 159
  • UPD: 20:56, 21.07.2018

Сингапурдегі медициналық клиникаға ел тарихындағы ең ірі кибершабуыл жасалды.

Мұнда бір жарым миллионға жуық адамның жеке мәліметі ұрланған. Оның ішінде елдің премьер-министрі Ли Сян Лунға қатысты деректер де бар. Бұл туралы Сингапурдың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерекке сүйенсек, хакерлер 2015 жылдың 1 мамырынан бастап, 2018 жылдың 4 шілдесіне дейінгі аралықта осы клиникада қаралған емделушілер туралы мәліметтерді ақтарған. Әзірге кибершабуылды кімнің жасағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қаскүнемдер операцияға тыңғылықты дайындалған.

Хабар 24 телеарнасы