380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак АҚШ-тың Иранға салған санкциясымен келіспейді

  • 455
  • UPD: 21:49, 08.08.2018
Ирак АҚШ-тың Иранға салған санкциясымен келіспейді talos-iraq.com

Бірақ өз мүддесін қорғау үшін оны орындайтын болады. Бұл туралы баспасөз конференциясында Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абади мәлімдеді.

Оның айтуынша, режимді жеңілдетуге арналған санкциялардың еш пайдасы жоқ. Тек қоғамға қарсы әрекеттерге алып келеді.

Айта кеткен жөн, жақында АҚШ Иранға қатысты алғашқы санкциялар пакетін жаңартқан болатын. Ол ирандық экономиканың маңызды салалары мен автокөлік нарығына бағытталған. Ал мұнай мен энерготасымалдаушыларға қатысты екінші санкцияны қараша айында жаңарту көзделіп отыр.

Хайдер әл-Абади, Ирак премьер-министрі:

-Біз бұл санкцияға қарсымыз. Ол алғашында режимді жеңілдету үшін қабылданған еді. Бірақ керісінше ұлттың құты қашып, қоғамға тек залалын тигізіп келеді. Иранға қарсы бағытталған санкцияны стратегиялық тұрғыда қателік дер едім. Дегенмен өз мүддемізді толыққанды қорғап қалу үшін біз оны орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы