384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан билігі Мәскеуде тәліптермен өтетін келіссөзге қатыспайды

  • 302
  • UPD: 23:40, 22.08.2018
Ауғанстан билігі Мәскеуде тәліптермен өтетін келіссөзге қатыспайды Omar Sobhani/Reuters

Ресми Кабул Мәскеуде «Талибан» радикалды қозғалысымен өтетін келіссөзге қатыспайды.

Бұл басқосу мақсаты тәліптермен екі арада тікелей диалог орнату болатын.

Алайда Ауғанстан СІМ өкілі Сибгхат Ахмадидің мәлімдеуінше, бейбіт келіссөз процесін Ауғанстан басқаруы тиіс. Ресми Кабул бұл келіссөзге қатыспайды.

Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Мәскеуде Ауғанстан бойынша консультациялар өткізу жоспарланған. Ресей бұл кездесуге «Талибан» қозғалысының өкілдерін де шақырды. Бірақ осыған дейін аталған қос тарап келіссөзге қатысатындығын айтқан еді.

TOLO News

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы