389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та алапат дауылдан қаза тапқандар саны артты

  • 434
  • UPD: 08:36, 17.09.2018
АҚШ-та алапат дауылдан қаза тапқандар саны артты blogspot.com

АҚШ-та Флоренс дауылынан мерт болғандардың саны 17-ге артты. Мамандар дауыл қарқыны біраз бәсеңдегенімен халыққа әлі де қауіп төніп тұрғанын айтады.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Солтүстік пен Оңтүстік Каролина штаттары болды. Бұл аймақтарда дауыл тасқынға ұласты. Шамамен 800-ге жуық тұрғын электр желісінен ажыратылғандықтан 15 мың адам уақытша орналастыру орталықтарына көшірілді.  Апаттан мыңнан астам әуе рейстері кейінге шегеріліп, тас жолдарында көлік қозғалысы тежелді. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік Каролина, Мэриленд, Вирджиния штаттары мен Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды. АҚШ-тың ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, Флоренс дауылынан 10 млн-нан астам адам зардап шегуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы