384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook әлеуметтік желісіне тағы шабуыл жасалды

  • 365
  • UPD: 07:26, 30.09.2018
Facebook әлеуметтік желісіне тағы шабуыл жасалды

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жолы хакерлер 50 миллионға жуық адамның мәліметін ұрлаған.

Соңғы дерекке сүйенсек, шабуылды кімнің ұйымдастырғаны әлі анықталған жоқ. Қазір осы жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Естеріңізе сала кетейік, бұған дейін де сәуір айында Facebook-ке хакерлік шабуыл жасалған болатын. Ол кезде хакерлер әлеуметтік желіге тіркелген 87 миллион қолданушы туралы дерекке қол салған еді.  

Хабар 24 телеарнасы