389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда лай көшкінінен 12 адам көз жұмды

  • 387
  • UPD: 07:30, 15.10.2018
Үндістанда лай көшкінінен 12 адам көз жұмды

Үндістанда соққан «Титли» дауылы кезінде лай көшкіні жүріп, 12 адам қаза тапты.

Апат Орисса штатында болды. Барагхара ауылының 22 тұрғыны сұрапыл дауылдан үйлері бүлініп, жақын жердегі үңгірге барып паналамақ болады. Бірақ нөсерден жотаның төбесі опырылып, 16 адамды басып қалған. Аман қалған бірнеше тұрғын жергілікті билікке хабарлап, құтқарушылар 12 адамның өлі денесін тапты. Бірақ әлі 4 тұрғын іздестіріліп жатыр. Адамдар дауылдан төнген қауіп кезінде жергілікті органдар дер кезінде көмек көрсеткен жоқ деп шағымдануда. Билік болса бұл ауыл апат аймағынан алыс болғанын айтып ақталуда. Ал «Тетли» дауылынан осы штаттың жағалауға жақын 5 округі қатты зардап шеккен. Салдарынна 300 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Хабар 24 телеарнасы