387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейро қаласында көшкін жүрді

  • 425
  • UPD: 13:15, 11.11.2018
Рио-де-Жанейро қаласында көшкін жүрді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында лай көшкінінен 10 адам қаза тапты.

Апаттан әсіресе Нитерой муниципалитеті зардап шеккен. 4 кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Елді мекендегі тұрғын үйлер мен бірнеше әкімшілік ғимарат қирап қалды. Қазір мамандар іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Құтқару операциясына 200-ге тарта адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, көшкінге соңғы 2 күнде толассыз жауған жауын себеп.

Хабар 24 телеарнасы