386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда лаңкестер әскерилерге шабуыл жасады

  • 372
  • UPD: 08:14, 12.12.2018
Ауғанстанда лаңкестер әскерилерге шабуыл жасады

Ауғанстанда автокөлігіне бомба қойған жанкешті әскери қызметкерлерді келіп қаққан. Салдарынан 6 адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай Кабулдан шалғай орналасқан Пагман ауылында болды. Шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Ауғанстанда үкіметтік әскери күштерімен лаңкестердің арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ өңірде Ирак және Левант лаңкестік ұйымының әсері күшейген. Ауғанстанның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері елде терроризмге қарсы операциялар жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы