375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сириядағы Манбидж қаласынан күрд жасақтарының кетуін талап етті

  • 727
  • UPD: 08:29, 15.12.2018
Түркия Сириядағы Манбидж қаласынан күрд жасақтарының кетуін талап етті

Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласынан күрд жасақтары өз еркімен кетпесе, әскер жіберемін деп сес көрсетті. 

Бұл туралы Түркия көшбасшысы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Жоғары Сотының конференциясында мәлімдеді. Сондай-ақ Ердоғанның айтуынша, өңірді лаңкестерден тазарту операциясына Вашингтон бөгет жасауға тырысып жатыр. Пентагон өкілі бұған дейін Түркия бір жақты әскери операция жүргізе алмайды деп мәлімдеме жасаған еді. Айта кетейік, Сирия саясатына қатысты тараптар қарама-қайшы пікірде. Күрд жасақтарын АҚШ қолдап, қаржылай көмек көрсетіп келсе, Түркия оларды «Жұмысшы партиямен» байланысы бар лаңкестер деп санайды.  

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

- Біз Евфрат өзенінің шығыс бөлігінде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатпақ ниеттеміз. Егер Манбиджден күрд жасағы кетпесе, әскер жіберемін. АҚШ жол картасын жүзеге асыру арқылы Түркияның назарын аудармақ. Осылайша лаңкестермен күресу жолында бізге кедергі келтіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы