389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каирде автобус жарылысынан үш адам қаза тапты

  • 420
  • UPD: 14:25, 29.12.2018
Каирде автобус жарылысынан үш адам қаза тапты life.ru

Египетте пирамидалар орналасқан Гиза қаласында туристер мінген автобус жарылып, 3 вьетнамдық саяхатшы мен 1 гид қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 12 адам жарақат алды. Олардың екеуінің хәлі мүшкіл. Туристер мінген автобус жолға жасырынған бомбаның құрбаны болды. Полицияның хабарлауынша, жүргізуші алдын ала белгіленген бағытын өзгертіп жіберген. Әзірге терактіні ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Египеттің Синай түбегінде көп жылдан бері «Ирак және Левант лаңкестік ұйымымен» байланысты «Вилаят Синай» атты қарулы топ әрекет етеді. Олар бұған дейін де шетелдік туристерді нысанға алып, көптеген лаңкестікті жүзеге асырған.

Хабар 24 телеарнасы