384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияда теміржол апатынан 6 адам қаза тапты

  • 433
  • UPD: 22:01, 02.01.2019
Данияда теміржол апатынан 6 адам қаза тапты politi.dk

Данияда теміржол апатынан алты адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға Үлкен Бельт бұғазындағы Фюн мен Зеландия аралдарын жалғап тұрған көпірде болған. Фюн полициясының хабарлауынша, оқыс жағдайға теміржол тіркемесінің күрт тоқтауы себеп болған көрінеді. Алдын ала болжам бойынша көпірден өтіп бара жатқан жүк пойызы шатырының бір бөлігі жұлынып, қарсы беттегі жолаушылар пойызына құлайды. Сол сәтте жолаушылар пойызының машинисі күрт тоқтауға мәжбүр болады. Оқиға кезінде онда 131 жолаушы отырған. Қазіргі кезде көпірдегі қозғалыс тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы