387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гданьск мэрімен қоштасу рәсімі өтті

  • 504
  • UPD: 21:33, 17.01.2019
Гданьск мэрімен қоштасу рәсімі өтті

Польша билігі қапыда қайтыс болған Гданьск мэрі Павел Адамовичпен үш күндік қоштасу рәсімін ұйымдастырды.

Марқұмды ақтық сапарға аттандырмас бұрын, бүгін кешке қалың жұрт мэрмен Еуропалық келісім орталығында, ал ертең Әулие Дева Мария шіркеуінде қоштаса алады. Ал сенбі күні жаназасын шығарады. Ашық форматта өтетін қоштасу рәсімін халық тікелей эфирден не көшелердегі лэд-экрандардан көре алады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың 13-і күні 27 жастағы қаскөй Павел Адамовичке шабуыл жасап, кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан. Оқиға қайырымдылық концерті кезінде, қалың жұрттың көз алдында болды.

Хабар 24 телеарнасы