385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте тұңғыш криптовалюталар биржасы ашылды

  • 421
  • UPD: 21:44, 17.01.2019
Беларусьте тұңғыш криптовалюталар биржасы ашылды

Беларусь астанасында әлемдегі ең алғашқы криптовалюталар биржасы ашылды.

«Каррэнси.ком» деп аталатын биржада виртуалды ақшамен қатар акциялар, индекстер және шикізаттық тауарлар да сатылады. Ал қаржылай операция биткоин, эфир сынды криптовалютадан басқа доллар, еуро, рубльмен де жүзеге асырылады. Жоба авторы Виктор Прокопеняның айтуынша, криптовалюталар биржасы – қазіргі заман талабы. Ол криптоинвесторларға мол мүмкіндік ашпақ. «Биржа елге инвестиция тартуға да септігін тигізеді», – дейді ол. 

Хабар 24 телеарнасы