418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қалың қардан үш адам көз жұмды

  • 877
  • UPD: 17:19, 20.01.2019
АҚШ-та қалың қардан үш адам көз жұмды

АҚШ-тың орталық және солтүстік-шығыс бөлігінде қалың қар жауып, 3 адам қаза тапты.

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Опат болғандардың бәрі табиғаттың қолайсыздығынан жол-көлік апатына тап болған. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарды алыс сапарға шығудан бас тарта тұруға шақыруда. Пенсильвания мен Нью-Джерси штатында төтенше жағдай енгізілді. Жапалақтап жауған қардан жолдар жабылып, арнайы техника оларды аршып үлгермей жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан жалпы ел аумағында 2 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, тағы 2 жарым мыңнан астам сапардың уақыты ауыстырылды7 Ал ауа райын болжаушылар енді кейбір штаттарда жауын жауатынын ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы