384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте Тутанхамон мазары қайта ашылды

  • 675
  • UPD: 22:07, 02.02.2019
Египетте Тутанхамон мазары қайта ашылды Фото: J. Paul Getty Trust

Египеттегі 9 жыл бойы жөндеу жұмыстарына жабылған Тутанхамон мазары қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас фараонның мумиясын тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар жиналып жатыр. Мамандардың айтуынша, мазарда жарық қосу жүйесі жаңартылып, желдету жүйесі де толығымен ауыстырылды.

Еске сала кетейік, бүкіл әлемге танымал Тутанхамон мазарын алғаш рет 1922 жылы ағылшын археологы Говард Картер тапқан болатын. Перғауын шамамен 3100 жыл бұрын өмір сүрген. 8 жасында фараон болып, 9 жыл бойы ел биледі. Ал 19 жасында белгісіз себептерден қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы