389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ауа райының қолайсыздығы тұрғындарды әуреге салды

  • 544
  • UPD: 11:02, 03.02.2019
Италияда ауа райының қолайсыздығы тұрғындарды әуреге салды

Италияның Оңтүстік Тироль провинциясындағы Больцано қаласы қалың қар құрсауында қалды.

Аймақта көлік қозғалысы тежеліп, Бреннер тас жолында ұзындығы 12 шақырымдай кептеліс түзілді. Ал Австриямен шекаралас жерде қар көшкіні жүрген. Абырой болғанда, табиғат апатынан адам шығы болған жоқ. Жолдарды қардан тазалау үшін 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қазір құтқарушылар тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.  

Ал Венецияның қақ ортасындағы Сан-Марко алаңы бірнеше күн жауған нөсер салдарынан су астында қалды. Мамандар шамамен 113 сантиметр жауын-шашын түскенін айтады. Тұрғындар мен туристер көшеде резеңке етік киіп жүруге мәжбүр. Жергілікті билік шаһардың кей аймақтарына қауіптің сары деңгейін жариялады.

Хабар 24 телеарнасы