418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Сирияға жіберген әскери техникасын күрд жасақтары қабылдады

  • 881
  • UPD: 07:49, 07.02.2019
АҚШ-тың Сирияға жіберген әскери техникасын күрд жасақтары қабылдады

АҚШ Ирактан Сирияға 150 көлікпен әскери техника аттандырды. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады. Ақпарға қарағанда Симелка тексеру бекетінен өткен жүк көліктері күрд жасақтары бақылауындағы Сирияның Хараб Ишк пен Сиррин мекеніне жеткен.

Онда жаңа әскери базаны салуға арналған электр энергиясын үнемдейтін генераторлар мен әскери көліктер бар екені айтылып отыр. Еске сала кетейік, Президент Трамп АҚШ Сирияда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымын» жеңгенін айтып, америкалық әскерді шығаратынын мәлімдеген. Бірақ Ақ үй басшысының бұл шешімін бірақатар сенаторлар мен саясаткерлер сынға алған еді.

Хабар 24 телеарнасы