383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ билігі тұрғындардың 100 млн доллар қарызын кешірді

  • 449
  • UPD: 13:07, 24.02.2019
БАӘ билігі тұрғындардың 100 млн доллар қарызын кешірді

Біріккен Араб Әмірліктерінде билік ел тұрғындарының 100 миллион доллар қарызын кешіру туралы шешім қабылдады.

Үкімет осы мақсатта 13 коммерциялық банкпен несиесін өтей алмай жүрген жандардың берешегін жабу туралы келісімге келген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайырымдылық шарасының нәтижесінде 3 мыңнан аса азаматтың қарызы кешірілді. Жобаға жауапты үкіметтік комиссия төрағасы, Әбу-Даби ханзадасы Джабер әл-Сувейдтің айтуынша, шара халықтың әл-ауқатын жақсартып, азаматтардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы