378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Гуттериш: Парламенттерде әйелдер мен жастар аз

  • 371
  • UPD: 23:07, 25.02.2019
А.Гуттериш: Парламенттерде әйелдер мен жастар аз

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің мәлімдеуінше, қазіргі парламенттерде әйелдер мен жастар аз.

Жыл сайын Нью-Йоркте өтетін парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген ол осы әділетсіздікті тузеуге шақырды. Антониу Гуттериштің өзі алғаш рет 26 жасында депутат болып, кейін 7 мәрте Португалия парламентіне депутаттыққа сайланған.

Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Экономика баяу болса да өсіп келеді, бірақ қаржы нарығы әлі де тұрақсыз. Бір полюсты әлемнің дәуірі аяқталғанымен, ол әлі көпполюсті болған жоқ. Тұрақсыздық пен ретсіздік басқару институттарына сенімсіздік тудырып отыр. БҰҰ мен парламентарийлердің міндеті осы сенімді қалпына келтіру болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы