389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Ким Чен Ын Ханойда кездесті

  • 589
  • UPD: 20:59, 27.02.2019

Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ Президенті Дональд Трамп пен КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын ресми түрде кездесіп, қол алысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шара барысында Дональд Трамп кездесуден оң нәтиже күтетінін айта кетті. Еске салайық, Вьетнам астанасында бүгін АҚШ және КХДР саммиті басталды. Шара екі күнге созылады. Бұл – сегіз ай бұрын Сингапурде өткен Трамп пен Кимнің тарихи кездесуінен кейінгі екінші басқосуы. Қос президент Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту мәселесін талқылайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы