389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжир халқы президент Бутефликаның ел басқаруына қарсы

  • 682
  • UPD: 13:38, 02.03.2019
Алжир халқы президент Бутефликаның ел басқаруына қарсы

Алжир астанасында билікке қарсы жаппай наразлық шеруі өтіп, 4 адам қаза тапты.

Халық президент Абдельазиз Бутефликаның 5-рет сайлауға түсуіне қарсы. Бейбіт басталған шеру тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, 63 адам жарақат алды. Олардың көбі полицейлер. Ал шерушілер денсаулығы сыр берген 81 жастағы Бутефлика ел басқаруға қауқарсыз деген пікірде.

Айта кетейік, ақпан айында президент Бутефлика сайлауға үміткер ретінде тіркелген болатын. Бірақ халық осыдан бес жыл бұрын инсульт алып, арбаға таңылған оның ел басқара алатынына күмәнмен қарайды. Сондықтан саяси додадан бас тартуын сұрап отыр. Ал сайлау 18 сәуірге белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы