384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Британия Brexit мәтінін өзгерту туралы келісті

  • 314
  • UPD: 14:06, 12.03.2019
ЕО мен Британия Brexit мәтінін өзгерту туралы келісті

Еуроодақ пен Біріккен Корольдік Brexit туралы келісім мәтінін өзгерту жөнінде мәмілеге келді. Оның ішінде ресми Брюссель Лондонға ирландиялық шекараға қатысты даулы мәселе бойынша заңды кепілдік берді.

Бұл туралы британ премьер-министрі Тереза Мэйдің Страстбургте Еуроодақ лидерлерімен өткізген келіссөздер нәтижесінде белгілі болды. Еске сала кетсек, Ұлыбританияның ресми түрде одақтан шығуына небәрі 17 күн қалды. Бүгін кешке британ депутаттары екіжақты келісімнің мәтініне қатысты дауыс береді. Ал бұған дейін парламентариилер бұл құжатты қабылдамаған еді. Егер Тереза Мэй бұл жолы да сӘтсіздікке ұшыраса, британдықтар қатаң Brexit сценарийін қарастырады. Бұл өз кезегінде, екі тараптың ресми түрде айырылысу уақытын кейінге шегеруі мүмкін. Ал одақтан шығу мерзімін Еуроодақ елдерінің басшылары алдағы Брюссель саммитінде мақұлдар болса, Еуроодақтан шығу процесі ары қарай үш бағытта өрбуі мүмкін. Атап айтқанда, Британияның одақтан келісімсіз шығуы, ағылшын парламентіндегі үшінші дауыс беру немесе қайта өткізілетін референдум.

Жан Клод Юнкер, Еурокомиссия президенті:

- Премьер-министр Тереза Мэймен біз одақтан бөліну келісіміне қатысы бар ортақ заңды міндеттеу құжаты туралы келістік. Бұл құжат «бэкстопқа» қатысты заңды кепілдіктер мен түсіндірмелерден тұрады. Яғни, Brexit-тен кейін Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекараның айқындығын кепілдендіреді. 

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Brexit туралы келісімді толықтыратын ортақ құжаттан бөлек «бэкстоп» жүзеге асып, бірақ тараптардың болашақ қарым-қатынасы туралы келіссөздері тығырыққа тірелген жағдайға байланысты Біріккен Корольдік біржақты декларацияны қабылдайды. Сонда осы механизмнің әрекетін тоқтататын шара қолдануға, бізге ештеңе кедергі келтірмейді. Әдетте біржақты декларацияны мемлекеттер түрлі келісімшарттарды ратификациялау кезінде қолданады.

Хабар 24 телеарнасы