418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар су астындағы 300 метр тереңдіктен тікелей эфирге шығады

  • 1255
  • UPD: 16:46, 12.03.2019

Британ ғалымдары тұңғыш рет Сейшел аралдары маңында 300 метр тереңдіктен тікелей трансляцияға шықпақ. Жеті аптаға созылатын жоба барысында зерттеушілер Жер климатының өзгеруі Үнді мұхитына қаншалықты әсер еткенін анықтауға тырысады.

Сонымен қатар түсірілім арқасында теңіз түбіндегі тіршілік иелерінің сапалы бейнесін жинау да жоспарланып отыр. Сондықтан мәлімет жинауға мұхит түбіне екі суасты аппараты жіберіледі. Олар декОдер арқылы тікелей трансляцияға шығады. Алайда теңіз түбінің көрсетілімі ашық қолданыста болмайды. Оны тек команда мүшелері ғана көре алады. Айта кетсек, Үнді мұхиты барлық мұхиттің ішіндегі ең аз зерттелген су айдыны болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы