Елде екпінді жел, дүлей дауыл соғып жатыр.
Қалың түскен қар салдарынан бірнеше штатта жолдар жабылды. Қазір боран кезінде қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілерін құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан мамандар өңір тұрғындарына алыс жолға шықпауды ескертіп жатыр. Ауа райының бұзылуына байланысты Денвер халықаралық әуежайында 1000-нан аса әуе рейсі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ билік өкілдері мектептер мен мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатты.