429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссель brexit күнін кейінге шегеруі мүмкін

  • 379
  • UPD: 23:17, 15.03.2019
Брюссель brexit күнін кейінге шегеруі мүмкін

Брюссель Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу күнін кейінге шегеруге келісуі мүмкін.

Ұйымның brexit бойынша басты мәмілегері Мишель Барнье мен Еурокеңес төрағасы Дональд Тусктің мәлімдемесі осыны аңғартты. Барнье brexit бойынша келіссөзді жалғастыруға әзір екенін айтса, Туск одаққа мүше елдерді бұл ұсынысты қолдауға шақырды.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Ұлыбритания парламенті елдің Еуроодақтан шығу күнін кейінге шегеруді дауысқа салды. Ұсынысты қауымдар палатасының 412 депутаты қолдап, 202-сі қарсы шықты. Түзетулерге сәйкес енді елдің одақтан шығу күні ұзартылмақ. Оның уақыты наурыздың 20-сына дейін бекітілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы