384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жарылыстан зардап шеккендер өтемақы талап етуде

  • 442
  • UPD: 15:15, 26.03.2019
Қытайда жарылыстан зардап шеккендер өтемақы талап етуде

Қытайдың Ваншан ауылындағы алапат жарылыс салдарынан зардап шеккен жергілікті тұрғындар өтемақы талап етуде.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада аталған ауылдағы химиялық зауытта апат орнаған еді. Салдарынан үйлер мен ғимараттар жарамсыз қалған болатын. Енді мүлкін тастап, көшуге мәжбүр қалған жұрт өтемақы берілуін талап етіп жатыр. Алайда әзірге апаттан келген шығынның нақты көлемі белгісіз.

Айта кетсек, өткен аптада болған қуатты жарылыстан 64 адам қаза тауып, 600-ден аса адам зардап шекті. Олардың 100-ге жуығы ауыр халде. Тағы 28 тұрғын із-түзсіз жоғалған.

Хабар 24 телеарнасы