377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жарылыс салдарынан 33 мың адам жарықсыз қалды

  • 86
АҚШ-та жарылыс салдарынан 33 мың адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың Флорида штатындағы электр стансасында жарылыс болып, 33 мың адам жарықсыз қалды.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Форт-Лодердейл қаласындағы стансаға найзағай түсіп, өрт шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға орнына жетіп, жалынды ауыздықтады. Қазір стансаның қуатын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы