389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Британиядан Brexit бойынша нақты шешім талап етті

  • 337
  • UPD: 14:49, 30.03.2019
Еуроодақ Британиядан Brexit бойынша нақты шешім талап етті

Еуропалық Одақ Ұлыбританиядан брекситке қатысты нақты шешім қабылдауды сұрады.

Британ парламентінің үкіметтің одақтан шығу туралы келісімінен үшінші рет бас тартуы мәселені тығырыққа тіреді. Осыған байланысты Еурокеңес басшысы Дональд Туск сәуірдің 10-ы күні Одақтың шұғыл отырысы шақырылатынын мәлімдеді. Лондон болса 12-ші сәуірге дейін ұйымнан шығу үшін қандай жолды таңдайтынын анықтауы тиіс. Бірақ Бельгия Премьер-министрі Шарль Мишель мен Франция Президенті Эммануэль Макронның мәлімдеуінше, Ұлыбританияның ортақ аймақтан келісімсіз шығу қауіпі күшейген. 

Мишель Барнье, ЕО-ның Brexit бойынша басты мәмілегері:

- Егер Лондон брекситке қатысты нақты бір шешімге келмесе Ұлыбритания Еуроодақтан келісіміз шығуы мүмкін. Біз мәселенің мұндай жолмен өрбуін қалаған емеспіз. Бірақ Лондон бұған балама ұсынбаса ЕуроОдақ осындай қадамға баруға мәжбүр болады.

Хабар 24 телеарнасы