377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Даниядағы орманда ерекше ғимарат пайда болды

  • 148
Даниядағы орманда ерекше ғимарат пайда болды

Копенгаген қаласының маңында орналасқан орманда құм сағат пішіндес үлкен ғимарат пайда болды.

Онда жасыл желекті жоғарыдан бақылауға арналған арнайы алаң бар. Кешенді жергілікті дизайнерлер мен архитекторлар тұрғызған. Ұзындығы 45 метрді құрайды. Бүгінде бұл Зеландия аралындағы ең биік нүкте саналып отыр. Тіпті кешеннің ең жоғары қабатынан көрші Швецияны қиындықсыз көруге болады. Архитекторлардың айтуынша, құрылысқа экологияға зиян келмейтін материалдар қолданылған.   

Хабар 24 телеарнасы