376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейден зымыран кешенін сатып алған Түркияны АҚШ қатаң сынға алды

  • 149
Ресейден зымыран кешенін сатып алған Түркияны АҚШ қатаң сынға алды

Түркияның АҚШ-пен арадағы қатынасына қатер төніп тұр.

Бұған түрік елінің Ресейден С-400 зениттік зымыран кешенін сатып алуы себеп. Ал сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың пікірінше, бұл келісім бұрынырақ жасалғандықтан, оны жоюдың мәні жоқ. Естеріңізге сала кетсек, АҚШ Түркияға Эф-35 (F-35) әскери ұшақтарды жеткізіп беруден бас тартқан. Түркияның бұл салада Ресеймен де серіктес болғанын АҚШ тарапы қолдамайтынын осылай білдірген еді. Вашингтонның пікірінше, С-400 зениттік зымыран кешенінің көмегімен ресейліктер Эф-35 (F-35) жойғыш ұшағы жайлы мәліметтерге қол жеткізуі мүмкін. Бұл Американың қауіпсіздігіне қатер төнеді деген сөз.

Мевлүт Чавушоглу, Түркияның сыртқы істер министрі:

– АҚШ-тың бұл келісімнің болмағанын қалайтыны әу бастан-ақ белгілі еді. Алайда бұл процесс әуелден алдын ала барлық тараппен ашық түрде талқыланды. АҚШ-қа қана емес, өзге де елдерге де ескертілген. Осыдан бірнеше ай бұрын, бұл тынған іс екенін айтқанбыз. Сондықтан кері қайтарға жол жоқ.

Хабар 24 телеарнасы