379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ВВС: Қазіргі заман - Жер тарихындағы ең қауіпті кезең

  • 57
  • UPD: 23:45, 11.04.2019
ВВС: Қазіргі заман - Жер тарихындағы ең қауіпті кезең inform.kz

Ядролық соғыс, пандемия мен басқарылмайтын жасанды интеллект адамзат болашағы үшін біз ойлағаннан да қауіпті.

Бұл туралы ВВС басылымы жазады, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Халық адамзаттың өліміне алып келетін алапат апаттар туралы ойлаған кезде тек келетін шығын туралы ғана айтады. Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 миллион, бірінші дүниежүзілік соғыста 15 миллион, 2010 жылы Гаитидегі жер сілкінісінен 160 мың адам қаза тапты. Дегенмен, бұл сандар алапат апаттың ұзақмерзімді кесірін ескеріп тұрған жоқ. Әрине, ондайды құжатпен дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ол да өте маңызды», деп жазады автор.

Оның пайымынша, адамзат қазіргі заманды Жер тарихындағы ең қауіпті кезеңге айналдырып жіберген.

«Үлкен апаттардың алдын ала отырып, біз бүгін адамдардың өмірін сақтап қана қоймай, болашақ ұрпақты қорғаймыз. Дамыған ғылым, технология, ауыл шаруашылығы мен өндіріс көптеген түрді өлтіріп жатыр. Ал бүгінгі таңда техногенді апаттар қаупінің ядролық қару, жаһандық жылыну, экологиялық апат, басқарылмайтын жасанды интеллект секілді түрлері белгілі» деп жазады басылым.

«Біз өткенді өзгертуге қауқарсызбыз, дегенмен, қауіпті апаттардың алдын ала отырып адамзат өркениетін сақтап қала аламыз», - дейді автор.

Хабар 24 телеарнасы