379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы туралы баяндама Конгреске табысталды

  • 205
  • UPD: 16:19, 19.04.2019
Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы туралы баяндама Конгреске табысталды

АҚШ Әділет министрлігі прокурор Роберт Мюллердің Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы жайлы баяндамасын Конгреске табыстады.

Бірақ демократтардың құжатқа көңілдері толмаған. Сондықтан прокурор Мюллердің конргеске келіп есеп беруін талап етті. Бас прокурор Уильям Барр шешімді қолдағанмен, Мюллер әлі жауап бермепті. Ал президент Трамп «тергеудің қолдан жасалғанын және үлкен жала жабушылық» екенін айтты. Еске сала кетейік, Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуы туралы тергеу осыдан екі жыл бұрын басталған. Іс кезінде 34 адамға айып тағылды. Оның алтауы президент Трамп командасында болғандар. Бірақ тергеу Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқанын дәлелдейтін айғақ таппады.

Хабар 24 телеарнасы