378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы терактілерді «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» ұйымы мойнына алды

  • 122
  • UPD: 17:36, 23.04.2019
Шри-Ланкадағы терактілерді «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» ұйымы мойнына алды

Шри-Ланка аралында төтенше жағдай режимі жарияланды. Аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Католиктердің барлық жекеменшік мектептері сәуірдің 29-ына дейін жабылды. Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында да  жұмыс уақытша тоқтатылды.

Естеріңізге салайық, кеше Коломбода тағы да жойқын жарылыс болды. Жарылғыш зат шіркеудің қасында тұраққа қойылған шағын автобуста орнатылған. Бұған дейін аралда Пасха мейрамын тойлау кезінде сегіз бірдей жарылыс болған еді. Салдарынан 300-ден астам адам көз жұмып, 500-ге жуығы жарақаттанған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дүйсенбі күні полиция автовокзал аумағында 87 детонатор тапты.

Жантүршігерлік террорлық әрекетке қатысы бар деген күдікпен 40 адам тұтқындалды. Al Arabia телеарнасының хабарлауынша, қылмысқа қатысты жауапкершілікті «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» атты террорлық ұйым өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы