378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бір белдеу, бір жол» форумында сауда қатынасын дамытудың жолдары талқыланады

  • 247
  • UPD: 22:20, 25.04.2019

Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» форумына 900-ге тарта алпауыт бизнес өкілдері жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар арнайы ұйымдастырылған конференцияда тиімді әріптестікті орнатудың жолдарын ортаға салды. Айта кетерлігі, халықаралық жоба аясындағы әлемдік бизнес өкілдерін біріктірген бұл – алғашқы конференция. Бүгінде «Бір белдеу, бір жол» жобасына 155 мемлекет пен халықаралық ұйым атсалысуға ниет білдірген. Жалпы форумның ауқымы екі есеге кеңейді. Үш күнге созылатын шараның 12-сессиясында «Цифрлық Жібек Жолы», «Жасыл жол» және «Инновациялық жол» тақырыптары қозғалады. Айта кетерлігі, «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыруда Қытай 126 мемлекет пен 29 халықаралық ұйыммен келісімге келіп, ұзын саны 174 құжатқа қол қойған. Алғашқы бес жылда инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ энергетика, авиация мен байланысқа баса мән берілген. Сауда қатынасын жақсарту мақсатында бұл жолғы форумда әкімшілік-саяси мәселелер талқыға түсетін болады.

Хабар 24 телеарнасы