387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан темір жол құрылысын Ирандағы Чебахор портына дейін жеткізбек

  • 568
  • UPD: 17:24, 27.04.2019

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымында Қазақстан алғашқы үштікке енді. Бұл тізімді Қытай бастап тұр.

Алпауыт мемлекеттің көрші ел нарығына салған инвеститциясының жалпы соммасы 8 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Қытай үкіметі ортаға қойған «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы ежелгі Жібек жолын қайта жаңғыртып, Орталық Азия мен Еуропаны біріктіретін жоба болмақ. Оған Қазақстандағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі негіз бола алады. Ал Өзбекстанның Ауғанстамен арадағы Хайратон-Мазари-Шариф теміржол желісінің берері мол, дейді саясаттанушы. Көршілер енді Мазари-Шарифтан ары қарай теміржол құрылысын Гератқа дейін жалғастыруды көздеп отыр. Бұл құрылыс «Ауғанстан мен Иран арқылы теңізге шығуды қамтамасыз етеді», - дейді сарапшы.

Кодир Джураев, саясаттану ғылымдарының докторы:

- Темір жол Мазари-Шариф – Герат арқылы Чабахар протына дейін баратын болса бұл Өзбекстанның ғана емес күллі Орталық Азия тауарлары мен қызметтіріне тиімді. Бұл жоба Ауғанстан арқылы транзит жолымен Иран порттарына одан әрі Ыстық теңізге алып шығу мүмкіндік береді. Осы бір ғана мысалдан «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының қаншалықты маңызды екенін көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы