Ирактың Киркук қаласы маңындағы бақылау-өткізу пунктіне жасалған шабуылдан үш полиция қызметкері қаза тапты.
Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл оқиғаға «Ирак және Левант» лаңкестерінің қатысы болуы мүмкін. Алайда аталған іске жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетелік, «Ирак және Левант» ұйымы содырларының күші Хамрин таулы аймағында шоғырланған.