389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буркина-Фасода 4 адам лаңкестерден азат етілді

  • 276
  • UPD: 14:34, 11.05.2019
Буркина-Фасода 4 адам лаңкестерден азат етілді

Буркина-Фасода Францияның арнайы әскери тобы лаңкестердің қолынан 4 азаматты босатты.

Операция осы елдің солтүстігіндегі Сахель ауданында жүргізілді. Оның барысында 4 содырдың көзі жойылып, 2 жауынгер оққа ұшты. Тағы 2 содыр қашып кеткен. Ал лаңкестердің қолында тұтқында болғандар Франция, АҚШ жән Оңтүстік Корея азаматы. Олар мамырдың 1-і күні Бенинде жергілікті гидпен Пенджари ұлттық паркіне саяхаттауға барып, жоғалып кеткен болатын.

Флоранс Парли, Франция қорғаныс министрі:

- Бұл лаңкестер мен қарулы топтарға сабақ болуы тиіс. Біз француз жұртына шабуыл жасаған содырларды қай жерде немесе қай елде болмасын, аяусыз жазалауға дайынбыз. Мемлекет өз азаматтарын әрқашанда қорғайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы